Елде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төлейтіндер көбейді

Елде жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төлейтіндер көбейді
Сурет: Aqmeshit-aptalygy.kz

Жыл басынан бері 1 млн 600 мың көлік жүргізушісі жол ережесін бұзғаны айыппұл төлеген.

Ал былтыр осы уақытта айыппұл көлемі бұдан 3,5 есе аз болатын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Data Hub сараптамалық орталығының зерттеуіне қарағанда, бұл соңғы 10 жылда болмаған көрсеткіш. Жол ережесін бұзатындардың көбеюінен айыппұл мөлшері артып отыр. Бір жыл ішінде ол 12 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Оған әрине, орташа айыппұл мөлшерінің 13 мың теңгеге дейін өсуі де себеп болып отыр.