Алматыдағы ЦСКА стадионы реновация бағдарламасы бойынша жаңартылады

Алматыдағы ЦСКА стадионы реновация бағдарламасы бойынша жаңартылады Сурет: Olympicsports.kz

УЕФА-ның қолдауымен елімізде бірқатар футбол стадиондары жаңартылады


Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамытуға бағытталған тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы футбол алаңдарын қайта жаңарту бағдарламасын енгізіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ жоба аясында жеке инвестицияларды тарту жоспарланып отыр.


Жобаның басты мақсаты – футбол инфрақұрылымын дамытып, бұқаралық футболды дамытуға жағдай жасау», - делінген федерацияның Telegram-арнасында.



Биыл бағдарлама аясында Ақтау, Алматы, Шымкент, Ақтөбе қалалары және Жетісу облысындағы стадиондардың алаңдары жаңартылмақ.


2023 жылы реновация бағдарламасына кіретін футбол алаңдары:


1. ЦСКА стадионы, Алматы қаласы


2. Б.Оңғаров атындағы стадион, Жетісу облысы, Балпық би ауылы


3. «Цементник», Шымкент қаласы


4. №2 БЖСМ, Ақтөбе қаласы


5. «Каспий» СК, Ақтау қаласы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:43

09:26

09:18

08:50

08:21

21:06

20:37

20:24

20:06

19:32

18:41

18:15

17:40

17:20

17:12

16:53

16:36

16:17

16:08

16:00

15:49

15:35

15:32

15:13

15:03