Елде коронавирус індетіне шалдыққан 100 науқас стационарда емделуде

Елде коронавирус індетіне шалдыққан 100 науқас стационарда емделуде
Сурет: M24.ru

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2022 жылғы 22 сәуірдегі ақпарат 

22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 1 738 адам коронавирус инфекциясынан (816 КВИ+ және 922 КВИ-) емделуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналына сілтеме жасап. 

Олардың ішінде 100 пациент стационарда, 1 638 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 8 адамның жағдайы ауыр, жағдайы өте ауыр пациенттер жоқ, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.