Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов сотта соңғы сөзін айтты

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов сотта соңғы сөзін айтты
Сурет: Alash24.kz

Алматыда 5 адамды мерт қылған «Ақбұлақ атқышы» Игорь Дужнов сотта соңғы сөзін айтты

Ол қайғылы оқиға болғанға дейін өзі оқ атқан адамдарға ешқандай өшпенділік танытпағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

«Мұның бәріне заңсыз шешімдер себеп болды. Қолыма қаруды отбасын қорғау үшін алдым», - деді ол.

Айыпталушыға қатысты сот үкімі келесі аптада 26 сәуір күні шығады. Еске сала кетейік, оған қатысты сот процесі 29 наурыздан бері онлайн режимде өтіп жатыр. Алдыңғы отырыста айыптаушы тарап судьядан Дужновты ең қатаң жаза – өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған еді.