Жұма күнгі ауа райы болжамы қандай?

Жұма күнгі ауа райы болжамы қандай?
Сурет: 62info.ru

22 сәуір, жұма күні ел аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады және атмосфералық фронттар өз әсерін сақтайды.

Осыған байланысты жаңбыр жауады. Елдің шығысында қатты жауын-шашын жауса, солтүстігінде, солтүстік-батысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстікте көктайғақ болады, солтүстікте, батыста тұман түссе, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ болып, тұман түседі, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстік жартысында жел 18 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысында найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с дейін артады.

Алматы облысында найзағай кезінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының тауларында дауыл соғып, найзағай кезінде желдің 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.