Елде дәрі-дәрмек бағасы өсті

Елде дәрі-дәрмек бағасы өсті
Сурет: Paryz.kz

Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы 13,3 пайызға өсті.

Алматыда - 17,5 пайызға, Маңғыстау облысында - 17,1 пайызға, Ақтөбе облысында - 16,7 пайызға, Жетісу облысында - 16,2 пайызға, Жамбыл облысында - 14,4 пайызға, Қызылорда облысында - 8,9 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom cарапшыларының деректеріне сүйеніп.

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде дәрі-дәрмек өндірісі құны бойынша 112 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,2 пайызға аз.

2022 жылдың тоғыз айында Қазақстанға миллиард долларлық дәрі-дәрмек импортталды. Бұл жерде заттай импорт - 17,3 пайызға, ақшалай импорт - 25,8 пайызға өсті.

ТМД елдерінен 101,3 миллион долларға 6200 тонна дәрі-дәрмек импортталды. Негізгі көлемі Ресейге келді (4600 тонна).

Сондай-ақ ТМД-дан тыс елдерден 900 миллион долларға 12 500 тонна дәрі әкелінді. Бұл жеткізушілердің арасында Қытай (2600 тонна), одан кейін Германия мен Үндістан көш бастады.