Елбасы «ВТБ Банкінің» президенті – басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады
Кездесуде А.Костин Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің отыз жылдығымен құттықтап, мемлекеттің қалыптасуындағы және дамуындағы Тұңғыш Президенттің еңбегі мен үлесін атап өтті
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының жоғары қарқынына және инвестиция-банк саласындағы ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығына назар аударды, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Еlbasy.kz-ке сілтеме жасап
А.Костин банктің Қазақстандағы жұмысы мен инвестициялық қызметінің перспективалары туралы айтып берді.