Ел халқының жартысына жуығының қыдыруға қаражаты жетпейді

Ел халқының жартысына жуығының  қыдыруға қаражаты жетпейді
Сурет: Baq.kz

Қазақстандықтардың жазғы демалысты қайда өткізетінін сарапшылар сауалнама арқылы зерттеп көрді. 

Оған қатысқан 4000 респонденттің 25%-ы демалысын елде, 17%-ы шетелде, 13%-ы қала сыртында өткізуді жоспарлаған. Ал қалған 45%-ы қаржылық себептерге байланысты ел аумағынан шыға алмайды. Шетелде демалуға ниеттілердің 40%-ы Түркияны таңдаған. Одан кейін тізімде Біріккен Араб әмірліктері, Мысыр мен Тайланд тұр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ішкі туризмді қолдайтындар үшін бірінші орында – Алакөл. Бурабай мен Балқаш жағасында демалушылар да көп. Жалпы жағдайы орташа қазақстандық отбасы сыртқы туристік бағыттарға 1 миллион, ал ел ішіндегі демалысқа 300 мың теңгеден көп емес ақша жұмсауға дайын екенін жазған.