Екпе алмағандарды тексеру қашан басталады?

Екпе алмағандарды тексеру қашан басталады?
Сурет: Newtimes.kz

Бұдан бұрын екпе алу мерзімінің аяқталғанын хабарлағанбыз.

 ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СЭБД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандықтардың екпе алған-алмағанын жұмыс орындарында тексеру 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Жұмысшыларды вакциналау курсының аяқталуын бақылау тек 1 қыркүйектен бастап жүргізілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұл тексерулерді жүргізу алгоритмін әзірлеу де жоспарлануда», - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаменті бастығының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

 Ол тексеру нысаны қызметкерлердің ресми құжаттары болатынын айтты.