Вакцина салғызбағандарға не болады?

Вакцина салғызбағандарға не болады?
Сурет: Gazeta.ru/

Бұдан бұрын коронавирусқа қарсы екпені алу мерзімі бекітілгенін жазғанбыз.

Вакцинаның алғашқы дозасын салдырудың мерзімі бүгін аяқталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 Ал мүлдем екпе салғызбаған мына нысандағы қызметкерлер үшін жұмыс істеуге шектеу енгізіледі:

 – халыққа қызмет көрсету нысандары, оның ішіне мыналар кіреді:

халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), «Қазпошта» АҚ бөлімшелері,
екінші деңгейлі банктер, қаржы нарығының нысандары, сақтандыру компаниялары, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, айырбастау пункттері, ломбардтар,
сұлулық салондары, шаштараздар, химиялық тазалау орындары, киім жуу орындары,
фитнес орталықтары, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары, СПА және массаж салондары/орталықтары/кабинеттері, моншалар, сауналар, бассейндер, жағажайлар,
типографиялық қызметтер, тігін ательесі, фотосалондар, аяқкиім шеберханалары, гүл дүкендері, аяқкиім, киім жөндеу, кеңсе техникасын жөндеу сервисі,
нотариус, бухгалтер және консалтинг, маникюр және педикюр, косметологиялық қызмет көрсету бойынша нысандар, өзге де нысандар;

– халық тұтынатын өнімдер мен тауарлардың көтерме және бөлшек сауда (сақтау) нысандары, оның ішінде базарлар, сауда үйлері, сауда желілері, сауда және ойын-сауық орталықтары, дүкендер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер;

– мәдениет және демалыс нысандары: музейлер, музей-қорықтар, кітапханалар, концерттік ұйымдар, филармониялар, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, клубтар, галереялар, көрмелер, цирктер және басқа да мәдени-демалыс ұйымдары;

– халық тұратын қызмет көрсету саласындағы нысандар: қонақ үйлер, отельдер, хостелдер, мотельдер, жатақханалар, кемпингтер және тағы басқалары;

– жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар, әуежайлар, теміржол, көлік және су вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар/автоөтпе жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері;

– білім беру және тәрбиелеу ұйымдары, оның ішінде білім беру дамыту және түзету орталықтары (ересектер мен балаларға арналған), оқу-өндірістік комбинаттардың және басқа да мектептен тыс ұйымдар;

– санаторий-курорттық және сауықтыру мақсатындағы нысандар (санаторийлер, демалыс үйлері/базалары/аймақтары, профилакторийлер, балалардың сауықтыру лагерлері (мектеп жанындағы, қала сыртындағы), туристік базалар және басқалар);

– қоғамдық тамақтану нысандары, оның ішінде ұйымдасқан ұжымдарда орналасқан, сондай-ақ тамақ жеткізуді жүзеге асыратын нысандар, стрит-фудтар;

– барлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік нысандар (қарттар, мүгедектер үйі, сәбилер үйі және басқалары);

– денсаулық сақтау ұйымдары, оның ішінде зертханалар;

– дәріхана ұйымдары;

– тіршілікті қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық нысандары (сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, аумақтарды жинау және қалдықтарды шығару, үй-жайлар мен аумақтарды дезинфекциялық өңдеу бойынша ұйымдар, авариялық-құтқару қызметтері, ПИК және МИБ және басқалары);

– экскурсиялық қызмет көрсететін ұйымдар;

– демалыс нысандарының, ойын-сауық ойын нысандары: компьютер клубтары, бильярд залдары, боулингтер, ойын-сауық орталықтары/саябақтары, аттракциондар, аквапарктер, караоке, лотерея клубтары және лотерея билеттерін сату жөніндегі өзге де пункттер/нүктелер және басқалар;

– байланыс және телекоммуникация нысандары.

Қызметкерлерге айыппұл салынбайды. Алайда ол азамат өзі құрған жеке кәсіпкерлікте жалғыз қызметкер болса, онда жұмыс орнына екпе салдырмай келгені үшін оған жеке тұлға ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Лауазымды тұлғаларға 15 АЕК, шағын бизнес субъектілері және коммерцциялық емес ұйымдарға 100 АЕК, орта бизнеске 200 АЕК, ірі бизнеске 500 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Ал вакцинаның екінші компонентін 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін салғызу керек.