Жарты миллионнан астам алматылық екпе салдырды

Жарты миллионнан астам алматылық екпе салдырды
Сурет: Еtu.ru

Нақтырақ айтсақ, 519 268 қала тұрғыны короновирусқа қарсы вакцина салдырған.

Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. ҚР ДСМ-нің 2021 жылғы 5 шілдедегі мәліметі бойынша, Қазақстанда I компонентпен 3 771 053 адам, II компонентпен 2 190 778 адам вакцина салдырды.

Еске салсақ, 4 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда I компонентпен 3 717 876 адам, II компонентпен 2 174 221 адам вакцина салдырды.

Ал еліміздің барлық аймағындағы екпе салдыру көрсеткіші төмендегі кестеге көрсетілген.