Экологияны жақсартуға өз үлесін қосқан кәсіпорындарға 105 млн теңге төленді

Экологияны жақсартуға өз үлесін қосқан кәсіпорындарға  105 млн теңге төленді
Сурет: Inform.kz

«Жасыл даму» акционерлік қоғамы «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Жасыл даму» АҚ «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы» ЖШС расталған міндеттемесі бойынша «EcoQolday» жобасының қатысушыларына төлем жүргізуді бастады. Орындаған міндеттемелерін растайтын құжатты уақтылы ұсынған 26 компанияға бүгінгі күні 105 миллион теңгеден астам қаржы төленді.

Естеріңізге сала кетейік, автокомпоненттер мен қаптама қалдықтарын жинап, кәдеге жарату бойынша «EcoQolday» жобасына қатысқан кәсіпорындардың расталған міндеттемелері орындалатыны хабарланған болатын.

Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторымен жасалған бұрынғы шарт шеңберінде міндеттемесін орындаған, көрсетілген қызметтерді құжат жүзінде растаған контрагенттерге 2021 жылдың 4-тоқсанына төлем жасалады. Оны алу үшін «ӨКМ операторы» ЖШС жасаған шарттың құқықтар мен міндеттемелерін кәсіпорындар «Жасыл даму» АҚ-на беру жөнінде жазбаша келісім мен негіздемелік шартқа қосымша үшжақты келісім және 30 сәуірге дейінгі салыстыру актілерін ұсынуы қажет.