ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді

ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға ресми сапармен келеді
Сурет: Marija Tumanovska/RFE/RL

11 тамызда ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров апталық брифингте айтты.

«11 тамызда ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, Солтүстік Македонияның Сыртқы істер министрі Буяр Османи Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында Б.Османидің ел басшылығымен, Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевпен, Премьер-Министр орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовамен кездесулер жоспарланып отыр», - деді ҚР СІМ ресми өкілі.

Спикердің айтуынша, келіссөздер барысында Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері, еліміз бен Солтүстік Македония ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалаы жөнінде пікір алмасу өтеді.