Екібастұзда жеке сектордағы 18 үйде жылу жоқ

Екібастұзда жеке сектордағы 18 үйде жылу жоқ
Сурет: Pavlodarnews.kz

Екібастұзда жер үйлерді жылуға қосу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Жөндеу бригадаларына кедергі болып тұрғаны - кейбір тұрғындар үйлерін жауып, кетіп қалған. Қазір қалада техногендік төтенше жағдай режимі алынып тасталғанымен, жедел штаб жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
 
Апат салдарын жоюға 200-дей адам жұмылдырылған. Әзірге оқушыларға сабақ қашықтан өткізіліп жатыр. Балабақшалар жабық. Себебі әбден салқындап кеткен ғимараттарда ішкі температураны көтеруге уақыт керек. Негізгі жұмыстар жеке секторлардың аумағында жүріп жатыр.
«Ендігі алдымызда тұрған мақсат - 18 үйді аяқтау. Ол жерде енді 18 үйдің бәрі - шалғай жатқан үйлер. Оларға жеке жылу жүйелері кіші диаметрлі құбырмен жеткізілген. Сондықтан оның бәрін, мұздап қалған жылу желілерін қалпына келтіру уақыт алып отыр», - деді Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин.