eGov mobile арқылы тегін дәрілер беріледі

eGov mobile арқылы тегін дәрілер беріледі
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл қосымшадан емделушіге бұрын-соңды берілген дәрілер тізімін де көруге болады.

Емханада есепте тұрған, дәрігердің тағайындауы бойынша тегін дәрі-дәрмек алып жүрген емделушілер бұрынғыдай күні бойы емханада кезек күтпей, уақытын үнемдей алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ол үшін damumed арқылы дәрігерге жазылу керек. Содан соң медбикеге хабарласып, дәрігер тағайындаған дәрілерді WhatsApp арқылы жазып беруін сұрауға болады.

Әрі қарай eGov mobile қосымшасын жүктеп алып, тіркелу керек.

Содан соң емхананың дәріханасына барып, eGov mobile  қосымшасындағы eDensaulyq бөліміне кіріп, QR кодты көрсету жеткілікті.