Алматыда жас сарапшылар бас қосты

Алматыда жас сарапшылар бас қосты
Сурет: Inform.kz

Саяси және экономикалық бағдарламаларға шолу жасалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші мерзімінің қорытындылары және президенттік сайлау қорытындылары туралы баяндамалардың таныстырылымы  өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Халықаралық әлеуметтану және саясат институты» қоғамдық қоры жанындағы Жас сарапшылар мектебі ұйымдастырған іс-шарада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019-2022 жылдар аралығындағы Президент ретіндегі атқарған жұмыстарына сараптама жасады. 

Баяндамаларды Жас сарапшылар мектебінің тыңдаушылары Марат Шибутовтың басшылығымен дайындады. 

«Біз екі сараптамалық шолу жасап, Президенттің атқарған жұмыстары туралы айтқымыз келді. Бірінші есепте ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 3 жылдық Президент болған кездегі атқарған әлеуметтік, саяси және экономикалық бағдарламаларына шолу жасадық. Сонымен қатар есеп барысында 3 жылдың ішінде елімізде болған төтенше жағдайларға шолу жасап, Президенттің алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу бойынша  қабылдаған шешімдері мен халыққа көмек көрсету шешімдеріне ой жүгірттік. Ал екінші есепте жалпы президенттік сайлаудың тарихын, Қ.Тоқаевтың және басқа президенттікке үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларының әлеуметтік маңызын көрсетіп кеттік»,- деді қоғамдық пікір орталығының сарапшысы Айнұр Бақытжанқызы.