«Сары» аймақта бір қала ғана қалды

«Сары» аймақта бір қала ғана қалды
Cурет: Egemen.kz

«Қызыл» аймақта ешқандай өңір жоқ

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Ешқандай өңір жоқ.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облыстары.