Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлық-оқытушылық құрамы алдағы конституциялық реформаны қолдайды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессорлық-оқытушылық құрамы алдағы конституциялық реформаны қолдайды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл Конституцияның 52-бабы 5-тармағының жаңа редакциясында айқындалған.

Бұл туралы AMANAT партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесуде университет ректоры Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Еліміздің Конституциясына ұсынылатын түзетулер ел үшін ерекше маңызға ие және бұл ретте ғылыми қоғамдастық шетте қалмауы тиіс. Біздің еліміздің болашағы әрқайсымызға байланысты! Сондықтан біз азаматтық ұстанымымызды көрсетуге дайынбыз», - деді университет ректоры өз сөзінде.

Мәжілісмендер Айгүл Құспан, Айдос Сарым, Жұлдыз Сүлейменова және партияның қалалық штабының жетекшісі Мейіржан Отыншиев еліміздің бас университетінде кездесуді ұйымдастырып, өткізгені үшін университет басшылығына алғыстарын білдірді. Енгізілген түзетулерді талқылай отырып, кездесуге қатысушылар Мәжіліс сайлауында аралас сайлау жүйесін енгізуді қолдады. Сонымен қатар, бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады.