Египтолог пирамидалардың салыну құпиясын ашты

Египтолог пирамидалардың салыну құпиясын ашты
Cурет: Ашық дереккөз

Ресейлік египтолог Орехов пирамиданы салу кезінде адамдар пандустар мен жоғары көтеріліп отыратын салдарды пайдаланғанын айтты

Мысырлықтар 150 жыл бойы пирамиданы тұрғызды, бұл құрылымдар әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды жүзеге асыру үшін қоғамды топтастырудың жарқын мысалы болып табылады. Бұл туралы РҒА-ның Египтология зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Роман Орехов lenta.ru сайтына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Сонымен қатар ол осы күнге дейін сақталған ескерткіштердің қандай тәсілмен жасалғанын айтты. Ғалымның айтуынша, мысырлықтар өздерінің құрылыс технологиясында пандустар мен жоғары көтеріліп отыратын салдарды пайдаланған.

Мәңгілік

Ең бастысы пирамидалар осы күнге дейін сақталған, өйткені мысырлықтар «джед» - папирус тәрізді баған ұғымын мәңгілік идея ретінде қарады және ол тігінен тұру керек болды. Ол Осирис құдайының символы деп саналды әрі тұрақтылықты, беріктік пен мызғымас мықтылықты білдірді, дейді ғалым.
Ореховтың айтуынша, мысырлықтар үшін күшті және тұрақты құрылымды құру маңызды болды, өйткені монументтің қалай тұратыны осы дүниенің қалай сақталатынына байланысты деп танылды.

Материал

Мысырлықтар үшін құрылыс конструкциялары үшін материал таңдау қиын болған жоқ, дейді ғалым.
«Мысырлық сана тас дәуірімен байланысты. Ал, тас дәуірі бір шешімді ұсынады – ол тастан салу. Тас тек тұрақтылық идеясы ғана емес, сонымен бірге ең қолжетімді болды - мысырлықтар темірді білмеді және олардың балшықтары аз болды»,-дейді ғалым.