Адам саудасы. Бахрейннен тағы бір отандасымыз экстрадицияланды

Адам саудасы. Бахрейннен тағы бір отандасымыз экстрадицияланды Cурет: Baq.kz

Ол кәмелеттік жасқа толмаған адамды сатты деген күдікке ілінді


18 ақпанда Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 жылы туған ҚР азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ол Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында ҚР кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды»,-деді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.



Құзырлы ведомства мәліметінше, Қазақстан мен Бахрейн Корольдігі арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмаған жағдайда, Бас прокуратура Бахрейн тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы уағдаластыққа халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.



«Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды»,-делінген хабарламада.



Айта кету керек, аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адамдар бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:55

12:48

12:37

12:15

12:00

11:48

11:15

11:12

10:56

10:36

10:24

09:46

09:23

08:41

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40