Егін жинау науқаны кезінде дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды

Егін жинау науқаны кезінде дизель отынымен қамтамасыз ету мәселесі қаралды
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін (АШТӨ) дизель отынымен қамтамасыз ету бойынша жұмыс кеңесі өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Энергетика министрлігі егін жинау науқаны кезіндегі АШТӨ операторларын дизельдік отынмен қамтамасыз ету бойынша ағымдағы жағдай туралы баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы М. Мырзағалиев жеңілдетілген дизель отынын сатып алуға уәкілетті өңірлік операторларды анықтау қарқынының баяу, сондай-ақ ҚМГ МӨЗ дизель отынын АШТӨ-ге басымдықпен жөнелтуді жүзеге асыруға дайындығын атап өтті.

Талқылау нәтижесінде Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктеріне, сондай-ақ облыс әкімдіктеріне ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің сұранысын дер кезінде қанағаттандыру бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

Айта кетейік, АШТӨ үшін дизель отынын жеткізу Үкіметтің бақылауында.