Егін ору науқаны былтырға қарағанда 32% баяу жүріп жатыр

Егін ору науқаны былтырға қарағанда 32% баяу жүріп жатыр
Сурет: 24.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі мәлімдеді.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 40% жиналды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 72,8% болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz-тің мәліметінше, жаздағы құрғақшылық шаруаларға шығын әкелді деуге негіз бар. Министрлік фермерлерді субсидиялау үшін 155 миллиард теңге сұрап отыр. Әлихан Смайылов жауаптыларға резервтен тағы 20 мың тонна арзан дизель отынын бөлуді тапсырды.