Едіге ерледі

Едіге ерледі
https://t.me/nehabar

Ауыр атлетикада көп жылдан кейін жаңа жұлдыз пайда болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандық ауыр атлет Едіге Емберди 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мексикада өткен әлем чемпионатында алтын жеңіп алып, әлем чемпионатын дүр сілкіндірді. 

Бірінші  сайыста  ол 9-шы орында болды, бірақ қоссайыс бойынша 336 (145+191) келі ұпай жинап, барлық қарсыластарынан озып кетті.

Едіге әзірге жасөспірімдер лигасында өнер көрсетіп жүр, бірақ оның үлкен спортта жарқын болашағы бар деп сеніммен айтуға болады.

Айта кетерлігі, Едіге бұған дейін Леондағы (Мексика) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын алып, әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын.