Бишімбаев ісі: Бейнекамералардан өшкен жазбалар қалпына келтірілді

Бишімбаев ісі: Бейнекамералардан өшкен жазбалар қалпына келтірілді
фото: әлеуметтік желіден

Астананың бас прокуроры Ерлан Өтегенов Rixos қонақүйіндегі кулуарда ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды nur.kz.

Ерлан Өтегенов іс тергеліп жатқанын, барлық сараптамалық зерттеу жүргізіліп жатқанын еске салды.

Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, оған қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды, 2 айға қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, - деді ол.

Ол сондай-ақ іс бойынша екінші ұсталған адамның кім екенін айтты.

Ол «Гастроорталықтың» директоры, олардың туыстық қатысы бар. Бейнекамералар, иә, мұндай фактілер бар. Бейнекамералардан жойылған жазбалар қалпына келтірілді, - деп түйіндеді Астананың бас прокуроры.