ЕАДБ Алматыда ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады

ЕАДБ Алматыда ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады
almaty-akshamy.kz

Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) Алматы ЖЭО-3 жаңғырту жұмыстарын қаржыландырады, бұл жұмыстар аясында станция негізгі отыны ретінде көмірден табиғи газға ауыстырылады. Тиісті келісімге ЕАДБ мен «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) қол қойылды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ЕАДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Самұрық-Энерго» АҚ (АлЭС бас компаниясы) жүзеге асырып отырған Алматы ЖЭО-3 жаңғырту жобасы 500 МВт бугаз құрылғысын орнату нәтижесінде электрстанцияның қуаттылығын күшейтетін және ептілігін арттыратын түбегейлі жаңартуды қарастырған. Жаңарған ЖЭО электр және жылу энергияларын құрамдастырылған түрде өндіреді.

Қаржыландыру мақсатында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының биржасында АлЭС тұрақты даму облигациялары (Sustainability – Linked Bond, SLB) шығарылатын болады. Жалпы номиналды көлемі 236,8 млрд теңгеге дейін тұрақты дамумен байланысты АлЭС бірінші облигациялық бағдарламасы 2023 жылдың қыркүйегінде тіркелген. Андеррайтері «Sky Bridge Invest» АҚ. Бағдарлама – Орталық Азиядағы тұрақты даму облигацияларының ең ірі шығарылымы.

«ЕАДБ Алматы ЖЭО-3 жаңғырту жұмысы сияқты жобаларды жүзеге асыруға бағытталған, бұл тұрғыда біз бірнеше маңызды аспектіні айрықша белгілейміз. Біріншіден, жарамдылығы біткен, тозған көмір энергетикалық қазандықтарын заманауи, экологиялық таза табиғи газбен жұмыс істейтін бугаз құрылғыларға ауыстыру арқылы біз Қазақстанның ірі қаласындағы экологиялық ахуалды жақсартамыз. Бұл Банк ұстанған тұрақты даму принциптерімен толығымен сәйкес келеді. Екіншіден, Орталық Азиядағы  су-энергетикалық кешенді дамыту бойынша біздің ірі инвестициялық мегажобамыздың жүзеге асырылуы барысында ЕАДБ жоба бастауындағы жұмыстарға гранттар бөлу және қаржы беру арқылы мемлекеттерге энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізуде белсенді түрде көмектесуде. Ақырында, біз капитал тартуда жаңа механизмдерді жасауда белсенді қолдау көрсетіп,  Sustainability – Linked Bond тұрақты даму облигацияларын шығаруға қуана қатысудамыз», - дейді ЕАДБ Басқарма төрағасының орынбасары Руслан Дәленов.

Анықтама:

Еуразиялық даму банкі — халықаралық қаржы ұйымы, Еуразия кеңістігінде инвестициялық қызметті жүзеге асырады. 17 жылдан астам ЕАДБ қатысушы мемлекеттердің жан-жақты дамуына және экономикалық байланыстарының кеңеюі мен нығаюына қолдау көрсетуде. ЕАДБ жарғы капиталы 7 млрд АҚШ долларына тең. ЕАДБ портфелінің негізгі бөлігін көлік инфрақұрылымы, цифрлық жүйелер, жасыл энергетика, ауыл шаруашылығы, өндіріс және машина жасау салаларындағы интеграциялық жобалар құрайды. Өзінің қызметінде Банк БҰҰ тұрақты даму облысындағы мақсаттарын және ESG принциптерін басшылыққа алады.

«Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) – энергия өндіру ұйымы, Алматы қаласы және Алматы облысында жылу және электр энергиясын өндіру бойынша қызметті атқарады. «Самұрық-Энерго» АҚ электроэнергетикалық холдингтің құрамына кіреді. АлЭС электр және жылу энергиясымен Алматы аймағының 70% тұтынушысын қамтамасыз етеді. Компания құрамында - 1-ЖЭО, 2-ЖЭО, 3-ЖЭО, Батыс жылу кешені, Қапшағай ГЭС,  Каскад Алматылық ГЭС, «Эноргожөндеу» өндірістік жөндеу кәсіпорны, ОҚТО (Отынды қабылдау және түсіру орталығы).

«Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстандағы ірі электрэнергиялық холдинг. Қызметінің негізгі бағыттары: электр және жылу энергиясын өндіру; электрэнергиясын беру, реттеу және сату; энергетикалық көмірді өндіру. Холдинг құрамына энергетикалық және көмір кәсіпорындары кіреді, олардың ішінде «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС,  «Екібастұз 2-МАЭС Станциясы» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС,  «Алматы электр станциялары» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ және т. б. Холдинг 2007 жылы құрылған. Акциялар (100%) иесі «Самұрық - Қазына» АҚ.