Джеки Чан домбыраға қосылып ән салды

Джеки Чан домбыраға қосылып ән салды
Сурет: Elorda.info

Атақты актер Джеки Чанның домбырамен ән салып отырған бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбада кино әлеміндегі ең танымал экшен-кейіпкерлердің бірі Джеки қазақтың ұлттық аспабының сүйемелдеуімен қытайша ән шырқап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 

Бұған риза болған отандастарымыз «Біздің Димаш Джеки Чанға мотивация берген», «Жарайсың, Джеки Чан!», «Джеки Чан балалық шағымызды өз фильмдерімен қызықты етті» деген сипаттағы пікірлер қалдырды. 

Айта кетейік, Джеки Чан 1954 жылдың 7 сәуірінде Гонконгте туған. Ол – атақты қытайлық және америкалық актёр, каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценарисші, шайқас көріністерін қоюшы, әнші, ЮНИСЕФ елшісі.

Джеки Чан – әлемдегі ең танымал экшен-кейіпкерлердің бірі, ол акробатикалық жекпе-жек стилімен, комедиялық дарынымен, сондай-ақ жекпе-жекте "импровизацияланған құралдардың" барлық түрлерін қолданумен танымал. Ол 100-ден астам фильмде ойнады және әлемдегі ең танымал азиялық актерлердің бірі. Кинодан басқа, ол әншілік мансаппен де айналысады. Көптеген фильмдерінде ән айтады және 1980 жылдардан бастап альбомдар шығарады.

Кино өнеріне қосқан үлесі үшін "Оскар" құрметті сыйлығының иеленген.