«Думан» шағын ауданында жаңа емхана салынады

«Думан» шағын ауданында  жаңа емхана салынады
Сурет: El.kz

Медеу ауданында қандай медициналық нысандар бой көтереді?

Медициналық қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында «Думан» шағын ауданында 500 келушіге арналған жаңа емхана салу жоспарлануда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, аяқталу мерзімі – осы жылдың IV-ші тоқсаны.

№4 («Самал-3» шағын ауданы) және №10 (Айдын көшесі, 9) жедел жәрдем көрсететін қосалқы станциялардың ескірген ғимараттарын бұзып, заманауи ғимараттар салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу басталды. Аяқталу мерзімі – осы жылдың IV-ші тоқсаны.

Осы жылдың IV-ші тоқсанында сейсмикалық күшейте отырып, «Алатау» қалалық ауруханасының жанындағы Қалалық емхананың ғимаратын реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы аяқтау жоспарлануда.

Осы жылдың III-ші тоқсанында №2 қалалық мамандандырылған балалар үйін күрделі жөндеу үшін  жобалау-сметалық құжаттама аяқталады (Байжанов көшесі, 107/5).