«Каменское плато» шағын ауданында жаңа скважиналар салынады

«Каменское плато» шағын ауданында жаңа скважиналар салынады
news.myseldon.com

Инженерлік желілерді жаңғырту және тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу басты міндет болып табылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Су деңгейінің 2,5 есеге (150-ден 60 текше метрге дейін) төмендеуіне байланысты Алматыдағы "Каменское платодағы"  жер асты суларына қатысты  қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ТЖ желісі бойымен шілде айында су беруге арналған резервуарлары бар қосымша скважиналардың құрылысы басталады. Бұл туралы қала әкімі Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде хабарлады. ҚМЖ-ны аяқтау жыл соңына дейін жоспарланған.

"Бұл келесі жылы  "Каменское плато", "Көлсай" және "Юбилейный" ш/ а тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.   "Каменское плато" 28,9 км тарату желілері салынғаннан кейін орталықтандырылған сумен және кәрізбен қамтамасыз етіледі. Осы жоба бойынша ЖСҚ қараша айында аяқталады. Ал ҚМЖ басталуы 2024 жылдың I тоқсанына жоспарланған", - деді Ерболат Досаев.

Бұл жобаны іске асыру "Мұзтау" ш / а сумен жабдықтау мәселесін шешуге көмектеседі.  ЖСҚ қараша айында аяқталады, ҚМЖ 2024 жылдың I тоқсанында басталады.