Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 122 жоба іске асырылады

Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 122 жоба іске асырылады
Сурет: Almaty.tv

Жайлы қалалық ортаны дамыту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданы халқымен өткен кездесуде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Ағымдағы жөндеу аясында 122 жобаны іске асыру жоспарланып жатыр, оның ішінде 80 ауланы жабдықтау, 23 үйдің фасадын жаңарту, 13 жерүсті (Шығыс айналма автожолы бойынша 8-ін жөндеу) және жерасты (5, оның ішінде 3-уін гидрооқшаулау, 2-уін жөндеу) жаяу жүргіншілер өткелін жөндеу, 4 автоматты суару жүйесін реконструкциялау және 2 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда. Аяқталу мерзімі – осы жылдың IV-ші тоқсаны.