Дональд Трамп қатыспаған Республикалықтардың алғашқы дебаты қалай өтті?

Дональд Трамп қатыспаған Республикалықтардың алғашқы дебаты қалай өтті?

АҚШ-та 23 тамызда Республикалық партия алғашқы саяси дебат өткізді. Саясаткерлердің білек сыбана кіріскеніне қарағанда, келесі жылы 5 қарашада болатын президент сайлауы тартысты өтетін сыңайлы. Бұл жолы саяси бәйгеге 8 саясаткер түсті. Олар Вивек Рамасвами, Крис Кристи, Майк Пенс, Никки Хейли, Рон Десантис, Тим Скотт, Эйза Хатчинсон және Даг Бергум. Ал экс- президент Дональд Трамп қатысқан жоқ. Соған қарамастан түрлі әлеуметтік сауалнамалар оның Республика партиясында айқын көшбасшы екенін айтуда. Бір қызығы, дебатта саяси қызмет атқармаған Вивек Рамасвами жеңіске жеткен.

БІР ПАРТИЯ, ТҮРЛІ ПІКІР, ОРТАҚ МҮДДЕ

Америка Құрама Штаттарын­да өзіне тән сайлау жүйесі қалып­тасқан. Американдық ұлттың тұла бойына демократиялық құн­дылықтар сіңген. Сондықтан да демократиялық жүйеге тән элек­торалды процесс жүреді. Онда саясаткер боламын деген азамат ең алдымен көпшіл болуы тиіс. Себебі, оның жеке өмірі, мансап жолы көптің алдында.

Сайлау жүйесінің тағы бір ерекшелігі екі партияның үс­темдігінде. Ел президенттері бо­лып Республикалық, әлде Демок р а т и я л ы қ п а р т и я ө к і л і сайланады. Бұдан бөлек, әр пар­тияның ішінде саяси бәсеке бар. Мұндай дәстүр келесі жылы өтетін сайлауалды кампанияда да көрініс табуда. Бұл жағынан Рес­публикалықтар шапшаң, әрі ба­тыл қимылдауда. Себебі, қазіргі президент Джо Байден Демокра­тиялық партияның өкілі.

23 тамызда Висконсин шта­тының Милуоки қаласында Рес­публикалықтардың алғашқы де­баты өтті. Саяси бәйге өтетін орын да бекер таңдалмаған. Се­бебі, бұл штаттың таңдаушылар коллегиясы сайлауда кімге дауыс беру мәселесінде үнемі тербеліп тұратын. Ал соңғы 2020 жылғы сайлауда Джо Байденге көбісі дауыс берген.

Дебатқа 8 үміткер қатысты. Олардың ішінде партияның негізгі үміткері Дональд Трамп қатысқан жоқ. Трамп оның се­бебін түсіндірген кезде, халық алдында беделінің дебатқа қатыс­паса да түсінікті екенін мәлім­деді. Шынында да, түрлі әлеу­меттік зерттеу нәтижелері оның сөзін дәлелдеп отыр. Associated Press бұқаралық саясатты зерттеу орталығының мәліметінше, рес­публикалықтардың үштен екісі (63%) Трамптың қайтадан үміт­кер болғанын қалайды-мыс.

Үміткерлер дебатта ішкі және сыртқы саясат жайлы пікір талас­ты. Сыртқы саясатта Украинаға көмек көрсету не көрсетпеу мәсе­лесін көтерді. Бұл тақырып ең негізгі мәселе болды. Миллионер Вивек Рамасвами Украинаға әс­кери және қаржылай көмекті өсі­ру түгілі оны мүлдем қолдамай­тын болып шықты. Оның ойынша мемлекет барынша оңтүстіктен төнетін қауіпке қарсы әрекет етуі тиіс. Оңтүстік дегені, Мексика­дан келетін заңсыз мигранттар мәселесі. Кезінде Трамп прези­дент болған тұста Мексикамен шекарада қабырға тұрғызғаны белгілі. Шығыста Ұлы Қытай қорғаны болса, батыста «Трамп қабырғасы» тұрғызылды. Ви­вектің пікіріне БҰҰ-да АҚШ елшісі болған Никки Хейли қар­сы келді.

Келесі басты тақырып До­нальд Трамптың 2020 жылғы әрекеті болды. Ол сайлау нәти­жесімен келіспеді. Сөйтіп, өз мәлімдемелерімен бір топ азамат­тың Капитолийді шабуылдауына түрткі болған. Крис Кристи мен Эйза Хатчинсон Трамптың әре­кеттерін сынға алып антиконсти­туциялық деп айыптады. Ал сауалнамаларда екінші орында тұрған Рон Десантис Трампты айыптауға асыққан жоқ. Тек сөзінің соңында сол кездегі вице-президент Майк Пенсті мақтап, Трамптың жетегінде кеткен жоқ деп мәлімдеме жасады.

Алуан пікірге қарамастан жалпы партия келесі сайлауда өз үміткерінің жеңіске жеткенін қа­лайды. Ол үшін түрлі саяси тех­нологиялар қолданылуы мүмкін.

WHO IS WHO?

Майк Пенс – Дональд Трамп президент болған тұста вице-пре­зидент лауазымын атқарған. Ал­дыңғы сайлауда Трампты қолда­ған. Сондықтан ол қазір де Трамптың саяси тобында деп болжауға болады. Мақсаты вице-президенттік немесе министрлер кабинетінде бір лауазым болуы мүмкін.

Рон Десантис – Трамптан кейінгі негізгі үміткер. 2019 жыл­дан бері Флорида штатының гу­бернаторы. Дебатта Трампты сы­намаса да, Майк Пенсті мақтады. Дональд Трампты егер оған қар­сы айып тағылмаса, қолдайтын сыңайлы. Саяси ұпай жинау мақ­сатында партияішілік альянс құ­руы мүмкін. Трамп жеңілген 2020 жылғы сайлауда Флорида шта­тында ол жеңіске жетіп еді. Соған қарағанда өзі басқаратын штатта Трампқа дауыс беруге үгіттеуі мүмкін.

Никки Хейли – Трамп прези­дент болған уақытта, 2017-2018 жылдары АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі қызметін атқарған. Партияішілік сайлауға түсудегі басты мақсаты соңғы сәтте Трампты қолдап, ол жеңіске жет­кен жағдайда бұрынғы қызметіне оралу немесе сыртқы саяси мәсе­лелермен айналысатын өзге де лауазымды атқару болуы мүмкін.

Вивек Рамасвами – саяси тәжірибесі жоқ жалғыз үміткер. Бизнес саласынан келген мил­лионер. Бірінші дебатта жеңіске жетті. Трампты қолдайды. Алай­да, алдағы сайлауда оның қандай әрекет ететіні белгісіз.

Крис Кристи – 2016 жылы Майк Пенспен вице-премьер бо­луға бәсекеге түскен. Алайда, Трамп оны таңдаған жоқ. Содан болу керек, дебат кезінде экс-пре­зидентті сынның астына алған.

Ал Тим Скотт, Эйза Хатчин­сон және Даг Бергум саяси бәйге­ден жарты жолда түсіп қалатын сыңайлы. Себебі, алғашқы дебат­та өздерін көрсете алмады.

«Аlmaty-akshamу» №106, 7 қыркүйек, 2023 жыл