Доллардың бүгінгі бағамы белгіленді

Доллардың бүгінгі бағамы белгіленді
Сурет: ашық дереккөз

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 19 желтоқсанға бағамын белгіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 457, 44 теңге, Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,11 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,5– 461,5 теңгеден сатылып жатыр. Алматыда доллар 458,8 – 461,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында рубльді 5,05 – 5,17 теңгеден сатып алуға болады.

Еске салайық, 15 желтоқсандағы кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 1,92 теңгеге қымбаттап, 457,54 теңге болған еді.