Доллар тағы шарықтады

Доллар тағы шарықтады
Сурет: ашық дереккөз

KASE таңғы сағат 8.00-де америкалық валютаның қанша теңгеге сатылып жатқанын жариялады. 

Қазақстанның Ұлттық банкі 16 наурызға арналған доллар мен рубльдің теңгеге қатысты ресми бағамын белгіледі, -деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz/

Бүгін, яғни бейсенбіде доллар бағамы бірден, 5,83 көтеріліп, 464,79 теңге болып бекітілді.

Айта кетейік, өткен тәулікте америкалық валюта бағамы 458,22 теңге болған еді.

Ресей рублінің ресми бағамы 6,14 теңге болды.

Қазақстандық қор биржасының мәліметінше, бүгін таңғы сағат 8.00-дегі жағдай бойынша Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы 463,5 теңгеден сатып алынып, 467,5 теңгеден сатылып жатыр. Астананың ақша айырбастау орындарында да орташа есеппен 463 теңгеден сатып алынып, 466 теңгеден сатылып жатыр.

Бүгінгі ресми валюта бағамы бойынша:

  • USD / KZT – 464,79 (АҚШ доллары)
  • EUR / KZT – 496,21 (еуро)
  • RUB / KZT – 6,14 (ресейлік рубль)
  • TRY / KZT – 24,49 (түрік лирасы)
  • CNY / KZT – 67,34 (қытай юані)
  • KGS / KZT – 5,32 (қырғыз сомы)
  • UZS / KZT – 4,07 (өзбек сомы).