Доллар неге керек болмай қалды?

Доллар неге керек болмай қалды?
Сурет: интернеттен

Юань мен фунт стерлингке сұраныс артқан.

Қазақстанда екі ай қатарынан долларға сұраныс азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, ақпан айында АҚШ валютасының нетто-сатылымы 150,2 миллиард теңгені құраған. Ал қаңтар айында 190,1 миллиард болған еді. Яғни бір ай ішінде долларға деген сұраныс 20,93 пайызға төмендеп отыр.