Доллар 3 теңгеге арзандады

Доллар 3 теңгеге арзандады
Сурет: Aikyn.kz

Мұнай бағасы сәл төмендеді.

KASE мәліметі бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,03 теңгеге төмендеп, 449,86 теңгені құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы Алматы уақыты бойынша сағат 12:00-де төмендеп, 65,38 теңгені (-0,15) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 494,92 теңге, рубль – 5,52 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 449-453 теңге, еуро – 493-499 теңге, ресей рублі – 5,45-5,7 теңгеден сатылуда.

Бейсенбі, 13 сәуірде мұнай бағасы сәл төмендеді. Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы барреліне 0,38%-ға, 87 долларды құрады, WTI-ның мамырдағы фьючерстері 0,32%-ға арзандап, 82,99 долларды құрады.