Доллар 2 теңгеге арзандады

Доллар 2 теңгеге арзандады
Сурет: ашық дереккөз

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 453,43 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 456, 09 теңге, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 454,5 теңге, сатып алу – 457,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 453 теңгеден болса, сатып алу – 457 теңге. 

Алматыда Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,85 – 5 теңгеден сатылуда.