Дизайнер Аида Қауменова лайықты кандидатқа дауыс бергенін айтты

Дизайнер Аида Қауменова лайықты кандидатқа дауыс бергенін айтты
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Алматы қаласының Медеу ауданы №537 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00 ден дауыс беру басталды. Мұнда ағылып жатқан кісі қарасы көп.

Бұл сайлау орталығына әйгілі дизайнер Аида КАУМЕНОВА келіп өз таңдауын жасады.

«Таң атысымен өзімнің тұрғылықты тіркелген мекен-жайым бойынша дауыс беруге келдім. Сөйтіп алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Мұнда келушілер қатары өте көп екен. Бұл мен қуантады. Қала тұрғындарының белсене атсалысып жатқандығына дән ризамын», - деді А. Кауменова.

Айта кетейік, сайлау учаскесіндегі дауыс беру уақыты таңғы сағат 7.00 мен кешкі 20.00-ге дейін жалғасады.