Діни басқарма жанынан ғылыми-зерттеу орталығы ашылады

Діни басқарма жанынан ғылыми-зерттеу орталығы ашылады
Сурет: Muslim.kz

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Мүфтияттың сайтына сілтеме жасап. 

«Биыл Діни басқарма жанынан ғылыми-зерттеу орталығын ашамыз. Аталған ғылыми орталықты ашудағы негізгі мақсат – еліміздегі діни ахуалға тиісті талдау жасап және қазақ топырағынан шыққан дін ғалымдарының еңбектерін зерттеп, оны жарыққа шығару. Сонымен қатар қазақ ақын-жазушыларының, жырауларының еңбектеріндегі дін тақырыптарын жинақтап, халқымызға жеткізу» деді Бас мүфти.