Димаштың әндері Бразилия радиосында шырқалды

Димаштың әндері Бразилия радиосында шырқалды
Сурет: Тengrinews.kz

Ал 24 мамырда радио Димаш туралы арнайы бағдарлама өткізді.

Биыл мамыр және маусым айларында Димаш Құдайберген орындайтын «Я скучаю по тебе» «О’кей» және «S.O.S» әндері күн сайын Бразилиялық Correio 98 FM радиосының эфирінде қойылып жүр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ал радиодағы Димаш туралы арнайы бағдарлама әншінің орындауындағы «S.O.S» әнімен ашылды. Радиожүргізушілер Димашты үлкен вокалдық диапазоны бар әнші ретінде таныстырып, әртістің түрлі музыкалық жанрда және әлемнің көптеген тілінде ән шырқайтынын айтты.

Осы жоба аясында Бразилияның танымал «Extra» газетінде Димаш пен оның шығармашылығы туралы бірнеше материалдар жарық көрді.