Димаш Құдайберген жеті жасар науқас баланың арманын орындады

Димаш Құдайберген жеті жасар науқас баланың арманын орындады
Сурет: Aikyn.kz

Дулат Димашты өз досындай көрді.

Әнші Димаш Құдайберген науқас баланың арман-тілегін орындады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aikyn.kz сілтеме жасап. 

Бүлдіршіннің ең үлкен арманы Димашпен көрісу болатын. Бұл жайында әнші өзінің Instagram парақшасында жазған.

 Жеті жасар баланың есімі – Дулат. Ол қазір Дубайда ем қабылдап жатыр.

«25 наурызда Дубайдағы концерттен кейін жаңа досым Дулатпен таныстым. Ол маған ең бастысы – өмірді сүюді, адамдарды жақсы көруді және қуанышыңмен бөлісуді үйретті. Дулат бәрін қорғағысы келетін періште сияқты. Өйткені бәріне мейірлене, құрақ ұшып тұрады. Жанындағы жандарды құшақтап, жылылығын аямайды. Осындай ерекше балапанмен таныстырған «Менің арманым» жобасының ұйымдастырушыларына рахмет», – деді ол.

Олардың кездесуін «Менің арманым» корпоративтік қоры ұйымдастырған.

Қор өкілі Шолпан Арнауттың айтуынша, Дулат Димашты өз досындай көрді. Ол Дубайда өткізген екі күнінде өзін өте бақытты сезінді.  Ұйымдастырушылар 25 наурызда Димаштың концерті болатынын естіп, арнайы Дубайға ұшып келген. Олардың басты мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балалардың арманын орындау. Қордың жұмыс істеп жатқанына бір жылдан асты. Дулат - қордың қамқорлығымен арманы орындалған 100-ші бала.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)