Отандық фильмнің ұтыс ойынына қатысқан Сарыағаш тұрғыны Лас-Вегасқа жолдама ұтып алды

Отандық фильмнің ұтыс ойынына қатысқан Сарыағаш тұрғыны Лас-Вегасқа жолдама ұтып алды
Сурет: Khabar.kz

 Алматыда «Маша мен Дударай» фильмінің көрермендері арасында ұйымдастырылған «Кинотеатрдан - Лас-Вегасқа!» атты ұтыс ойыны өз мәресіне жетті.

Ойын шарты өте жеңіл болды. Оған Kinopark және Kinoplex желілерінен «Маша мен Дударай» фильмін көріп, купон толтырғандар қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Хабар" арнасының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Tiger Films продюсерлік компаниясы түсірген «Маша мен Дударай» романтикалық хикаясы 10 ақпанда прокатқа шықты. Сол күні басталған акция 10 наурызға дейін жалғасты. Ұтыс ойынын өткізуге IBC group компаниясы қолдау көрсеткен.

Іс-шара әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілді. Әлемдік шоу-бизнестің орталығы Лас-Вегасқа жолдама Сарыағаш қаласының тұрғынына бұйырды. 

Көрерменнің ықыласына бөленген «Маша мен Дударай» қазір көрші елдерде көрсетіліп жатыр.

«Бұл - тарихта болған оқиға. Орыс қызы қазақ жігітке ғашық болған. Ерекше махаббат хикаясы. Осыны біз жаңа леппен, заманауи тұрғыда түсірдік», - дейді актер Тәуекел Мүсілім. 

«Бұл - менің алғашқы үлкен рөлім. Фильм қазір Қырғызстанда көрсетіліп жатыр. Ал 28 сәуірден бастап Әзірбайжанда көрсетіле бастайды», - дейді актриса Мария Петлюх.

Романтикалық жанрдағы фильмді Қытай кинотеатрларында көрсету жоспарда бар. Сондай-ақ продюсерелік орталық жақында Германия кинотеатрларымен де келіссөзді бастамақшы.