Димаш Emigala international Award марапатына ие болды

Димаш Emigala international Award марапатына ие болды
Сурет: 24.kz.

Әнші бұл марапатты Миуа әжесіне арнайтынын айтты.

Димаш Құдайберген Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен EMIGALA Fashion Awards сән шарасында марапат алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Dimashnews.com cілтеме жасап.

Burj Al Arab отелінде өткен EMIGALA Fashion Awards сән шарасында Димаш Emigala international Award марапатына ие болды.

Бұл сыйлық үш негізгі идеяға бағытталған. Біріншісі – адам келбетінің мінезбен, мәдениетпен үйлесімі. Екіншісі – ұлттық нақыштағы сәндік образ арқылы өз-өзін айқындау. Үшіншісі – әр адамның ішкі «менін» ашу.

Димаш Құдайберген қызыл кілемге әжелері Миуа мен Бибігүлді, EMIGALA Fashion Awards сән шарасының директоры доктор Мишель Дахерді ертіп шықты.

«Халықаралық деңгейдегі әнші ретінде Димашқа Emigala international Award марапаты табысталды. Ол бұл марапатты бала кезінде өзін музыкаға баулығаны үшін Миуа әжесіне арнайтынын айтты», - деп жазады Dimashnews.