Дэвис кубогі: Қазақстанның қарқыны жаман емес

Дэвис кубогі: Қазақстанның қарқыны жаман емес
almaty-akshamy.kz

София қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогінің плей-офф матчында Қазақстан құрамасы Болгариядан басым түсті.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жекелей сында рейтингте 179-орындағы Димитар Кузмановпен шеберлік сынасты.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді. Бір сағат 41 минутқа созылған кездесуде Бублик 7 эйс жасап, 4 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Кузманов 1 эйс, 3 брейкпен (15 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, Александр Бублик есепті 3:1-ге жеткізді. 

Енді Қазақстан құрамасы алдағы жылдың ақпанында Дэвис кубогінің финалдық кезеңіне шығу үшін шешуші матч өткізеді.