Дерматолог тырнақтың күйі қандай аурулардан белгі беретінін айтты

Дерматолог тырнақтың күйі қандай аурулардан белгі беретінін айтты
Сурет: Ru.dreamstime.com

Денсаулықтағы сырқаттар жайлы тіпті тырнақтың пішініне қарап білуге болады

Дерматолог Ольга Андриянова пациенттерді тырнақтардың сыртқы түріне әдемілік тұрғысынан емес, деннің саулығы тұрғысынан қарауға шақырды. Дәрігердің айтуынша, аяқтың тырнақтарындағы еш зияны жоқ болып көрінетін ақ дақтардың өзі күрделі аурулардан белгі беруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі Ren.tv-ға сілтеме жасап.

Андриянованың айтуынша, жарақат алғаннан кейін тырнақта ақ дақ пайда болған жағдайда, жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесін тексеру керек. Егер тырнақтарда ойықтар болса, бұл миокард инфаркті және ревматизм болуы мүмкін екендігін білдіреді. 

Денсаулықтың сыр бере бастағанын тырнақтаң пішініне қарап та бақылауға болады. 

 «Койлонихия - тырнақ шетінің қопарылуынан оның формасының қасық тәрізді пішінге өзгеріске ұшырауы. Мұндай белгі ағзада ферритиннің жетіспеушілігін, сонымен бірге, анемияның бар екенін білдіруі мүмкін. Соныменқатар, бұл ас қорыту жолдарының жалпақ жасушалы обыр ауруының маңызды диагностикалық белгілерінің бірі болып табылады», - дейді дәрігер. 

Бұған дейін дәрігерлер обыр ауруының ерекше белгілерін атаған болатын. 

Яғни, егер адамның асқазаны таақты дұрыс қорытуды тоқтатып, ісінсе, онда ол адамға ықылық тиюі мүмкін. Ал асқазандағы мұндай өзгерістер көбінесе рак ауруымен байланысты.