Депутат риэлторларды бақылауға алуды талап етуде

Депутат риэлторларды бақылауға алуды талап етуде
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Риэлторлық қызметті қатаң мемлекеттік реттеу қажет. Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевқа сауал жолдаған депутат Олжас Құспеков айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Депутат бұл жылжымайтын мүлік қызметкерлері клиенттерге құлдық жағдай туғызатынын баса айтады.

«Мәселе мынада, клиенттерді құлдыққа түсіретін шарттар, кейбір «ерекше шарттар» меншік иелерін өз мүлкіне билік ету құқығынан айырады. Қазақстандықтар «арбитраждық баптан» көп зардап шегеді. Бұл барлық жанжалдар тек арбитражда, яғни жеке сотта шешіледі деген сөз. Бірақ, судьялардан айырмашылығы, арбитрлер ешқандай жауапкершілік көтермейді және оларды сөз байласудан, сыбайластықтан, алдау мен алаяқтықтан ештеңе тоқтата алмайды. Арбитражда шешілетін барлық даулар риэлторлық компаниялардың пайдасына шешілді. Мемлекетте риэлторларды да, арбитраждық соттарды да бақылаудың ешқандай құралдары жоқ, бұл азаматтардың құқықтарын қорғауды толық қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ дегенді білдіреді», - деп түсіндірді депутат.