Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарына Мысырда денге безгегі өршуі мүмкін екенін ескертті

Денсаулық сақтау министрлігі ел азаматтарына Мысырда денге безгегі өршуі мүмкін екенін ескертті
Сурет: Inform.kz

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының әуежайларында, вокзалдарында және автомобиль пункттерінде пирамидалар елінен келетіндерді бақылау күшейтілді.

2023 жылғы 16 шілдеде БАҚ-та жарияланған Мысыр Денсаулық сақтау және ел тұрғындары министрлігінің ақпараты бойынша, елде белгілері денге безгегіне ұқсас белгісіз ауру тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап. 

«Елге кірген кезде әуежайда, теміржол вокзалдарында және автомобиль пункттерінде санитариялық-карантиндік пунктте науқастарды уақтылы анықтау және медициналық көмек көрсету мақсатында дене температурасын қашықтан өлшеу арқылы келгендерге мониторинг жүргізіледі», - делінген  ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын аурудың жекелеген жағдайлары тіркеледі. Ағымдағы жылы денге безгегі бойынша қолайсыз елдерден (Таиланд) келген адамдар арасында оның 2 жағдайы тіркелді.