Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға бетперде тағуға кеңес берді

Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға бетперде тағуға кеңес берді
Сурет: Atpress.kz

Адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде таққан дұрыс.

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазақстандықтарға үндеу жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Сoronavirus2020.kz cілтеме жасап. 

Министрдің айтуынша, елімізде эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде бетперде таққаны дұрыс.    

«Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакциналау паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», - деді министр.