Жазушы Дулат Исабековтің жары Нұрғайша Жармұқамедова өмірден өтті

Жазушы Дулат Исабековтің жары Нұрғайша Жармұқамедова өмірден өтті
Сурет: Facebook.com

Үстіміздегі жылы Нұрғайша Жармұқамедова 80 жасқа толар еді.

Жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтің жары Нұрғайша Жармұқамедова өмірден өтті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Facebook-тағы парақшасында жазды.

«Есімі елге әйгілі жазушы-драматург, қазақ әдебиетінің классигі Дулат Исабековтың үйіндегі жеңгеміз Нұрғайша Жармұқамедова қайтыс болды деген хабар қабырғамызды қайыстырып кетті», - деп жазды Қасбек Иса.

Депутаттың айтуынша, жақында ғана көкемізге сәлем беруге үйге барғанда жарқылдап жүріп қарсы алып, сексенге келсе де, сергектігін көрсетіп, келіндерден бетер жүгіріп, дастарқанын жайып, шығарып салған. 

«Екеуміз 56 жыл отасқан едік, жайымның барлығын жасайтын еді, енді менің жағдайымды кім ойлайды?! Ешқандай ауыра қоймаған еді, аяқ астынан тастап кете барды. Екеуміз биыл сексен жасымызды тойлаймыз деп жоспарлап жүрген едік», – деді Дулат Исабеков.