Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды

Демалыс күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°, түнде -20...-28° дейін аяз болады.

Демалыс күндері Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын сақталады, – деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

 «Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанға скандинавиялық циклонның әсері тек дүйсенбіге қарай аяқталуы мүмкін. Біртіндеп атмосфералық қысым жоғарылай бастамақ.

«Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -15...-20°, түнде -20...-28° дейін аяз болады», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ елдің оңтүстік жартысында ауа райы жылына түседі. Дегенмен жел соғып, жаңбыр жауады. Сондай-ақ көктайғақ пен тұман болуы мүмкін.