Декларация тапсырудың үшінші кезеңі келеді

Декларация тапсырудың үшінші кезеңі келеді
Сурет: ашық дереккөз

2024 жылы декларациялаудың үшінші кезеңі жүргізіледі.

Осыған орай декларациялау қалай жүзеге асырылатыны туралы мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 
Келер жылы заңды тұлғалардың басшылары (құрылтайшылары), жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация тапсырады. Негізі декларация дегеннен сескенудің қажеті жоқ. Сіз жай ғана кірісіңіз бен мүлкіңіз туралы хабарлайсыз. Сондықтан кім үшінші кезең талабына сай келеді, жыл аяғына дейін жылжымайтын мүлігіңізді бағалауыңыз қажет. Сонда жылжымайтын мүлікті сатқан кезде  ешқандай мәселе туындамайды,-дейді МКД өкілі Нұржан Қуандықов.

Тағы бір айтарымыз, әлеуметтік желіде осы декларацияға қатысты, сату-сатып алуға, депозиттерге қатысты пікір, түсініктемелер толып жүр. Оның қайсысы рас, қайсысы жалған екенін түсінбеген көпшілік әрі-сәрі күйге түсуде. Сондықтан тек маманның пікіріне құлақ салыңыздар дегіміз келеді.