Дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты

Дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты
almaty-akshamy.kz

Алматы қалалық Кардиология орталығының дәрігер-эпидемиологы Құралай Кәдірәліқызы отбасымен барып республикалық референдумға дауыс берді. Ол дауыс берушілердің саны сағат санап артып келе жатқанын айтады деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

– Бүгін жұбайымыз екеуміз Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» ықшамауданына қарасты «Самай» математика-лингвистикалық мектебінде орналасқан №577 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымызды жасап, дауыс бердік.

Байқағаным, дауыс беруге бастапқыда егде жастағы тұрғындар көп келіп жатты. Әжелеріміз кәжекейлерін киіп, сәнденіп алған. Одан кейін жас отбасылар балалырымен бірге барып, өз таңдауларын жасады. Түске қарай жастар тіпті көбейе түсті. 

Ал дауыс беру учаскесінде барлық жағдай жасалған. Дайындық жоғары деңгейде ұйымдастырылыпты. Дәлізде күй күмбірлеп, патриоттық әндерді естідік.  Жалпы, халықтың көңіл күйі – жаман емес, қабақтары ашық, жүздері жылы. Дауыс беруге келген халықтың көптігінен болашаққа деген сенімді байқауға болады.